ВТБ Бірыңғай лигасы 2017/2018
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Тұрақты біріншілік
12.05.2018, 15:00 Сн
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
75:92
Негізгі уақыт
19:23 20:18 17:21 19:30
Ойын нөмірі: RS-154
Көрермен: 917
Автодор
Саратов

«Астана» Саратовтың «Автодорын» қабылдайды

10.05.2018, 13:00    Просмотров: 591
Источник: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Сенбі күні, 12 мамырда, елорда баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасының биылғы маусымдағы соңғы ойынын өткізіп, Саратов қаласының «Автодор» клубын қабылдайды.
 
Өткен кездесулер хроникасы:
Саратов қаласының баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасында 2014 жылдан бері ойнап келеді. ВТБ лигасына қосылғанша, Ресей суперлигасында өнер көрсетіп, бірнеше рет жүлдегер және чемпион атанған. «Астана» – «Автодор» арасындағы екеуара кездесулерге келсек, екі команда 7 рет кездесіп, оның 4-еуінде Қазақстан командасы жеңіске жетті.
Биылғы маусымда екі команда Саратовта кездескен. Шектен тыс шиеленісті өтіп, екі овертаймға ұласқан сол матчта 92:86 есебімен алаң иелері жеңіске жеткен болатын.  
 
Қызықты дерек:
Астаналықтардың бас бапкері Михаил Карпенко 2007-2011 жылдары Саратовта жұмыс істеген. Михаил Владимирұлы әр жылдары БЖБЛ бас жаттықтырушысы, «Автодор» клубының негізгі командасында бас бапкер және оның көмекшісі қызметтерін атқарған. Ол кезде «Автодор» Ресейдің Жоғарғы лигасы мен Суперлигасында өнер көрсеткен. Карпенко «Автодормен» 2008/2009 жылдар маусымында РФ Суперлигасы чемпионы болған.   

Қазіргі жағдай:
Биылғы маусымда команда тізгінін Италия маманы Андреа Массон қолына алған, бірақ 2017 жылдың қараша айында отбасылық жағдайына байланысты Саратовтан кетіп қалды. Оның орнына көпшілікке танымал Ресей маманы Евгений Пашутин келді.
Команданың көшбасшыларының бірі – америкалық орталық шеп ойыншысы Коти Кларк. Ол әр ойында орта есеппен 20 ұпай еншілеп жүр.
 
Турнир кестесі:
«Автодор» баскетбол клубы дәл қазір ВТБ Бірыңғай лигасында 5-орынды еншілеп тұр және плей-офф сатысында бақ сынау құқығына әдеқашан қол жеткізген. Саратов клубы 23 ойынның 13-інде жеңіске жеткен.
Ал елорда клубы 11-орынды иеленіп тұр және плей-оффқа шығудан үмітін әлі үзген жоқ.
 

«Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы Михаил Карпенконың пікірі:
– Біз ВТБ лигасының биылғы маусымдағы соңғы ойынынын өткіземіз, әрі жеңіске жетуге тырысамыз, құлшынысымыз зор. Турнир кестесіндегі шиеленісті жағдайға байланысты, плей-оффқа ілігетін мүмкіндігіміз әлі бар. Бірақ екі шарт жүзеге асуы керек. Біріншісі, әрі ең бастысы, бізге «Автодор» клубын ЖЕҢУ керек. Екіншісі, бізге «Зениттің» «Цмоки-Минск» клубын жеңгені керек. Яғни, бәрі де өзімізге байланысты емес. Бірақ «АСТАНА» ойыншылары белді бекем буып, бұл ойынға ерекше жауапкершілікпен әзірленіп жатыр.   

«Автодор» жақсы ойнайды, біз де оңай ойын болмайтынын білеміз. Өйткені, біздің қарсыласымыз бесінші орыннан айырылып қалмау үшін бар күш-жігерін салады. Бұл команда өте жылдам ойнайды, тез қимылдап, ерте шабуыл ұйымдастырып, ұпай қорларын молайта түсуге тырысады. Әрі бұл жағынан олар – лигадағы үздік командалардың бірі. Аңдысқан шабуылдарда «Автодор» ойынды пик-н-ролл арқылы өрбіткенді қалайды немесе өзінің көшбасшыларына жол ашып, «тосқауыл» құрады. Сөз жоқ, команданың ең қауіпті ойыншысы – Коти Кларк, ол жақында ғана ВТБ лигасының сәуір айындағы MVP-і болып танылды. Сонымен қатар, ол тиімділік көрсеткіші бойынша биылғы чемпионаттың ең үздік ойыншысы.

 
Бұл матчта біздің бірнеше басты мақсатымыз бар – қарсыласымыздың тез шабуылдарын тоқтату, олардың тосқауыл қоюларына қарсы тиімді қорғаныс жүйесін таңдап алу,  қимылдауларына жол бермеу, «Автодор» көшбасшыларына бірде-бір ойынында дес бермеу. Шабуылда қырағылық танытып, дұрыс шешім қабылдау және төзімді болу, қарсыласымыздың осал шептері арқылы көп шабуылдау. Шығыршық түбінде допқа таласу да маңызды болады. Біз мұның бәрін түсінеміз және шешуші шайқасқа дайындалып жатырмыз. Біздің жігіттер сенбі күні жеңіске жету үшін бар күш-жігерлерін салып, аянбайды деп сенемін!

Қайда, қашан, нешеде?
Арена: «Сарыарқа» велотрегі
Уақыт: 15.00 Астана уақыты бойынша
Трансляция: ВТБ Бірыңғай лигасының сайты, «Астана» БК сайты, «QazSport» телеарнасы.

«Астана» 2017/2018 баскетбол маусымын аяқтады

12.05.2018, 20:00    Просмотров: 703
Источник: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Бүгін елорда баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасының жыл сайынғы чемпионатында соңғы ойынын өткізіп, Саратовтың «Автодор» клубынан 75:92 есебімен ұтылып қалды.
 
Бастапқы үш кезең бойы астаналықтар азулы қарсыласына дес бермей, тайталасып бақты. Алайда бәрі де соңғы онминуттықта шешіліп, қонақтар алға ұзап кетті де, алаң иелері қуып жете алмады.

Матчтың үздік ойыншылары: Малькольм Грант (22), Ике Удано (12 + 10 рет доп қақшып алды), Энтони Клеммонс (11 + 5 рет доп қақшып алды + 7 пас).


«Астана» клубының бас бапкері Михаил Карпенко: 
– Өкінішке қарай, біз үш кезең бойы табан тіресе тайталасып, дес берген жоқпыз. Жоспарымыздың қайсыбірін жүзеге асырдық, бірақ матчтың төртінші ширек бөлігінде ойынымыз мүлде үйлеспей қойды. Дәл қазір, ойынның ыстығы басылмай тұрып, саралау қиын, матчты қайтадан қарап шығу керек. Ойыншыларымыздың кейбіреулері бүгінгі қысымды, жауапкершілік жүгін көтере алмағандай секілді, ондай сезім де жоқ емес. Біз 23 айып соққысының небәрі 7-еуін ғана шығыршыққа дәл түсірдік. Бұл – кәсіби командаға сай келмейтін өте төмен нәтиже. Біз доптан жиі айырылып қалып, көп қате жібердік. Бірақ бәрін де ойыншылардың қателіктеріне ысыра салғым келмейді. Бәріміз бірге ұтылдық – ойыншылар да, жаттықтырушылар да.

Осымен, «Астана» үшін ВТБ Бірыңғай лигасының жыл сайынғы чемпионаты аяқталды. Оның қорытындысы бойынша елорда клубы плей-офф сатысына шыға алмай, 2017/2018 жылдар маусымындағы өз өнерін тәмамдады. Маусым бойы бізбен бірге болған тілеулестеріміздің бәріне де алғыс білдіреміз!

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1960 Клубтық түстері: ақ, қара
Мемлекет: Ресей Арена: СС «Кристалл»
Қала: Саратов Сайт: avtodor.ru

Сипаттамасы

«Автодор» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Саратов қаласынан, 1960 жылы құрылған.
 
Жетістіктері:
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері – 1993/1994, 1996/1997, 1997/1998, 1998/1999
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері – 1995/1996
  • Еуропа кубогының жартылай финалына шыққан – 1997/1998
  • А суперлигасының чемпионы – 1996/1997, 1997/1998
  • Б суперлигасының чемпионы – 2008/2009
  • Суперлига чемпионы – 2013/2014
  • Суперлиганың қола жүлдегері – 2012/2013

Команданың жалпы суреті

Автодор