ВТБ Бірыңғай лигасы 2017/2018
ПАРМА
Пермь
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Тұрақты біріншілік
05.11.2017, 18:30 Жс
Арена: ӘСС «Молот» (Пермь)
84:90
Овер тайм
13:22 19:22 27:16 19:18 6:12
Ойын нөмірі: RS-28
Көрермен: 6254
Астана
Астана

«Парма» қазақтарды қарсы алады!

04.11.2017, 13:00    Просмотров: 726
Источник: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Ертең, 5 қараша күні елорда баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы бесінші ойынын өткізіп, «Парма» (Пермь, Ресей) клубымен кездеседі.
«Химкиліктермен» өткен триллерден кейін «Астана» баскетболшыларының дем алып, тынығатындай уақыттары болған да жоқ, деуге болады. Команда бірден Пермде өтетін матч дайындығына кірісіп кетті.
 
Өткен кездесулер хроникасы:
Пермь клубы үшін бұл – ВТБ лигасындағы екінші маусым. Өзінің алғашқы маусымында «Парма» ең соңғы, яғни 13-орынға табан тіреген болатын. 24 ойын өткізіп, тек Минскіде жеңіске жеткен-тін.
Ал «Астанамен» өткізген кездесулеріне тоқталар болсақ, екі ойында да елордалықтар басымдық танытқан-ды (65:82, 88 :73).
 
Қазіргі жағдай:
Биылғы маусымда «Парма» енді бәріне «жем» бола бермеуге тырысатындықтарын сездіріп, құрамын едәуір күшейтті. Біріншіден, команданың бас бапкері ауысты. Вячеслав Шушаковтың орнына ВТБ лигасына мейілінше танымал, латыш маманы Николайс Мазурс келді. Бұл бапкер Грузияның «Вита», Саратовтың «Автодор» командаларын жаттықтырған, сонымен қатар, Қазанның УНИКС клубының жаттықтырушылары құрамында еңбек еткен.
 
Турнир кестесі:
«Парма» ВТБ лигасының турнир кестесінде 10-орында тұр. Пермь клубы да «Астана» сияқты 4 ойын өткізді. Оның үшеуінде жеңілістің кермек дәмін татты, бірақ Эстонияның «Калев» клубымен өткен кездесуде жеңіске жетті. «Астана» болса, 0-4 көрсеткішімен, әзірше олардан бір саты төмен тұр,  
 
Бас бапкердің пікірі:
Костас Флеваракис: «Бізге «Парманы» ұту үшін 40 минут бойы шектен тыс сақ болу қажет. «Парманың» құрамында жекелей шеберліктері, тәжірибелері мол ойыншылар көп, бізге оймақтордан қайтқан допты қағып алуда мұқият болып, қарсыласымыздың әрбір ойыншысын “тұсаулап” ұстап, ал өзіміз шабуылда біртұтас команда ретінде әрекет етуіміз керек. Біз допты лақтыру үшін өте жақсы мүмкіндіктер жасап жүрміз, бірақ бізге дәл түсіру пайызын арттыру қажет. Жарақаттанып қалған ойыншыларымыздың бәрі қатарға қосылғандығын атап өту маңызды, бұл өте тамаша, әрине, себебі біз үшін – командадағы әрбір ойыншының маңызы зор».
 
Қайда, қашан, нешеде?
Арена: «Молот ӘСС»
Уақыт: 15.30 Мәскеу уақыты бойынша
Трансляция: ВТБ Бірыңғай лигасының сайты, «Астана» ПБК сайты, «QazSport» телеарнасы
(сағат – 23.55).

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2012 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Ресей Арена: ӘСС «Молот»
Қала: Пермь Сайт: parmabasket.ru

Сипаттамасы

«ПАРМА-ПАРИ» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Пермь қаласынан, 2012 жылы құрылған.

Жетістіктері:

  • Ресей кубогының жеңімпазы – 2015/2016, 2018/2019
  • Ресей кубогының қола жүлдегері – 2016/2017
  • Суперлиганың қола жүлдегері – 2015/2016
  • ФИБА Еуропа Кубогының төрттік финалының қатысушысы — 2021

Команданың жалпы суреті

ПАРМА