Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы XXVII Қазақстан чемпионаты
Барсы Атырау 2
Атырау
Ұлттық лига, Тұрақты біріншілік
14.02.2019, 20:00 Бс
Арена: ДШДК «Авангард» (Атырау)
41:98
Негізгі уақыт
7:31 14:22 5:22 15:23
Ойын нөмірі: 79
Көрермен: 0
Астана
Астана

«Астана» Атырауда «АМУ Барыстарын» ойсырата жеңді

15.02.2019, 10:00    Просмотров: 493
Источник: Баспасөз қызметі
Автор: Шыңғыс Түсіпбаев
Кеше, 14 ақпан күні «Астана» Президенттік баскетбол клубы Атырауда түздегі бірінші ойынын өткізіп, жергілікті «АМУ Атырау Барыстары» командасымен Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясында додаға түсті.
 
Елорданың «Астана» клубы матчтың бірінші ширек бөлігінде-ақ ойын тізгінін өз қолына алып, көсіле сілтеді. Алғашқы он минуттықтан кейін-ақ бұл ойында тартысты дода көрігі басылып қалды. Себебі «Астана» 24 ұпай айырмасымен қара үзді. Екінші кезең де біздің баскетболшыларымыздың айқын басымдығымен өтіп, есеп айырмасына тағы да 8 ұпай қосылды. Сөйтіп, матчтың бірінші бөлігінде 21:53 есебімен үстемдік танытты. Кездесудің үшінші бөлігі «АМУ Атырау Барыстары» үшін шектен тыс сәтсіз аяқталып, олар небәрі 5 ұпай ғана еншіледі. Ал «Астана» үшінші кезеңде де айылын жимай, есеп айырмасы шамамен 50 ұпайды жуықтады. Соңғы кезеңнің қорытындысы бойынша «Астана» ірі есеппен жеңіске жетті – 41:98 (7:31, 14:22, 5:22, 15:23).
 

Матчтың үздік ойыншылары:
  • Александр Жигулин – 16 ұпай, 2 рет допты қағып алды, 1 пас және тиімділігі – 18.
  • Руслан Айтқали – 13 ұпай, 1 рет допты қағып алды, 2 пас және тиімділігі – 13.
  • Рустам Ерғали – 12 ұпай, 1 рет допты қағып алды, 1 пас және тиімділігі – 18.
  • Рустам Мырзағалиев – 12 ұпай, 2 рет допты қағып алды, 7 пас және тиімділігі – 18.
  • Энтони Клеммонс – 10 ұпай, 5 пас, 2 рет допты қағып әкетті және тиімділігі – 15.

Екі команда арасындағы екінші ойын бүгін, 15 ақпан күні «Авангард» ДСК алаңында өтеді. Ойынның басталуы – Астана уақытымен 20:00-де.
 
Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2015 Клубтық түстері: ақ, жасыл
Мемлекет: Қазақстан Арена: AIROM ARENA
Қала: Атырау Сайт: www.bcbarsy.kz

Сипаттамасы