FIBA Азия чемпиондары 2017 кубогындағы «А» тобының командалары

21.09.2017, 20:00    Оқылғаны: 424
Дереккөз: ФИБА
Автор:
Баскетболдан 2017 жылғы Азия чемпиондары кубогы екі күннен кейін басталады. Сондықтан екі топты мейілінше саралап, әр команданың шама-шарқын сараптап шығудың сәті де келіп тұрған секілді.  
 
«Астана» БК (Қазақстан)
 

Көңіл аударуға болатын ойыншылары: Сегіз рет ұлттық құрамасының негізін қалаған “Астана” клубы осы турнирдің аяғына дейін лайықты деңгейде өнер көрсете алады. Еңгерзедей жас ойыншысы Александр Жигулин – өз командасын алға сүйрей алатын саңлақтардың бірі. 23 жастағы атлет 2017 жылғы FIBA Азия кубогы додасында өзінің талантты екенін паш ете білді. Енді ол команданың ардагері Антон Пономаревпен бірге тізе қоса ойнап, өз клубының намысын абыроймен қорғауы керек.

Мүмкіндігі: Қазақстан командасы шетелдік ойыншылары Энтони Клеммонс пен Джастин Картердің дәл соққыларына иек артуы тиіс. Команданың еншілеген ұпайларының көбісі осы екеуіне тиеслі болуы да әбден мүмкін, бірақ жергілікті ойыншылары да бар күш-жігерлерін салуы керек. Егер Жигулин, Пономарев және Колесников секілді ойыншыларының ұпайлары жоғары болса, онда «Астана» топтық кезеңнен әріге шабады.

«Моно вампир» (Таиланд)
Көңіл аударуға болатын ойыншылары: Бұл команданың ойын үйлестірушілері осы турнирдегі ең үздік тандем болуы ықтимал. Филиппин-америкалық баскетболшы Джейсон Брикман ойын үйлестіруші міндетін тай елінің ұлттық құрамасының үйлестірушісі Каннут Самерджаймен өзара бөлісіп отыруы керек. Әрі екеуі де – допты дәл түсіре алатын мерген және тәжірибелі плеймекерлер. Егер аталған ойыншылар «Моно вампирлер» намысын абыроймен қорғайтын болса, онда тай командасының көпшілікті таңғалдыруы да әбден мүмкін.

Мүмкіндігі: «Моно вампир» командасының жеңімпаз атануы екіталай, өйткені бұл турнирде бұлардан да қарымды клубтар бар. Бірақ шетелдік ойыншысы Майк Синглитери көсіле шапса, ал Брикман-Самерджай жұбы тиімді де, нәтижелі ойын өрнегін көрсетсе, онда бәрі де мүмкін. Жаттықтырушысы Дуглас Марти қарсыластары оның командасын лайықты түрде бағаламай, өздеріне қосымша мүмкіндік туады деп дәмеленіп жүр.

«Петрохими» (Иран)


Көңіл аударуға болатын ойыншылары: Бенам Якчали, қаншама жыл бойын өз елінің ұлттық құрамасы сапында көлеңкеде қалып жүрді. Ал бұл жолы өзін ең үздік жергілікті ойыншы ретінде көрсетуге тамаша мүмкіндігі бар. 22 жастағы ойыншы мұндай мүмкіндікті қалт жібермейтін шығар. Әрі ол 2017 жылғы FIBA Азия кубогы додасында ерекше көзге түскен болатын. Бұл жолы ол алыстан лақтыратын тура соққыларымен өз арманына жетеді де ойлаймыз.

Мүмкіндігі: «Петрочими» – бәлки, осы турнирдегі ең қарымды команданың бірі. Команданың жартысы FIBA Азия кубогына қатысты. Сонымен қатар, Вили Варрен және Мирза Бежич сынды шетелдік ойыншылары тиімді ойын өрнегін көрсетуі керек. Жастарының әлеуеттері зор, ардагерлерінің тәжірибелері мол, жаттықтырушылары құрамында да талантты мамандары баршылық. 2016 жылғы финалда ұтылып қалғандықтан, биыл жеңіске деген жігерліктері өте жоғары екендігін, айтпаса да түсінікті болар.

«Сарейет Рамала» (Палестина)


Көңіл аударуға болатын ойыншылары: Әйгілі Сани Сакакинидің қазіргі жағдайына байланысты «Сарейет Рамала» оның ағасы Салимге және ұлттық құрамасының ардагері Джамал Абу Шамалға сенім артатын шығар. Салимнің шабуылшы ретінде ойнауға барлық қабілеті жетеді, бірақ оған алаңда қара жұмыс атқаруға тырысу керек болады. Ал Абу Шамал ойын үйлестіруші міндетін атқара алады, әрі допты алыстан дәл түсіруге де – шебер.

Мүмкіндігі: Команданың ең үздік жергілікті ойыншысы бұл турнирге қатыса алмайтындықтан, «Сарейет Рамала» клубының бар сенім артары екі шетелдік ойыншы болады. Бұл дегеніңіз, команданы топтық кезеңнен алып шығу үшін Энтони Виден мен Тод Обрайнге үнемі жоғары нәтиже көрсету керек. Егер осы ойыншылар Абу Шамалмен және Салим Сакакинимен тізе қоса қимылдаса, онда ширек финалға шыға алады, ал әрі қарай – бәрі де мүмкін.

«Чукс-ту-гоу» Филиппины
 

Көңіл аударуға болатын ойыншылары: Бұл команданың жұлдызы, қорғаушысы Кифере Равен жайлы өте көп жазылды. Алайда көпшілік көңілі ауатын ойыншысы шетелдік Исая Остин болуы тиіс. Көпшіліктің есінде, Марфан синдромына қарамай, Остин ҰБА-да драфтқа іліккен. Сонымен қатар, ол Сербия мен Қытайда ойнап, көпшілікке танымал болды. Дәл қазір, бойы 2,16 см алып өз талантын Манилада паш етіп жүр. Тіпті Андрэ Блатчтың орнын басуы үшін, осы елдің азаматтығын алып, «Гилас Филипинас» клубының намысын қорғауы да мүмкін секілді.  

Мүмкіндігі: Егер Остин «Чукс-ту-гоу» құрамында көсіле шапса, ал екінші шетелдік ойыншысы Род Эбондо өзін-өзі ұстай алса, онда команданың келесі кезеңге шығатын мүмкіндігі – әжептәуір. Равена, Карл Брайн Круз және Джерон Тенг секілді жергілікті ойыншыларының ішіндегі үздіктеріне бар күш-жігерлерін салу керектігін айтпасақ та болады.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»