«Астана» Азия чемпиондары кубогының жартылай финалына шықты

28.09.2017, 16:30    Оқылғаны: 537
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Бүгін Азия чемпиондары кубогының 1/4 финалдық ойындары өтіп, елорда командасы Дубайдың «Щабаб Аль-Ахли» клубын 83:53 есебімен тізе бүктірді.

Джастин Картер команда қоржынына 17 ұпай салды. Денис Дегтярев 14 ұпай, Рустам Ерғали 9 ұпай еншіледі. «Астананың» 1/2 финалындағы қарсыласы бүгін «Кашгар» (Қытай) және «Чукс-ту-Гоу» (Филиппин) командалары арасындағы матчта анықталады.

Костас Флеваракис пен оның шәкірттерін ерен жетістіктерімен құттықтаймыз!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»