Энрике Виллалобус пен Маноло Рубио «Астананың» балалар академиясында болды

07.10.2017, 21:00    Оқылғаны: 1736
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Академиядағы жаттығу жұмыстарына Испанияның білікті екі маманы келді. Бірі – «Реал Мадрид» клубы мен Испания құрамасының көпшілікке танымал бұрынғы баскетболшысы, бүгінде «BDA Sport» агенті Энрике Виллалобус, ал екіншісі – Еуропадағы «Уникаха» (Испания) клубында 22 жыл танымал спорт менеджері болған, қазіргі кезде скаутинг жөніндегі операциялық директоры Маноло Рубио. Қонақтар құр қол келмепті, спорт қайраткерлері балаларға «Уникаха» баскетбол клубының атрибуттарын, ал жаттықтырушылар құрамына Испниядағы әйгілі Малага клубының жаттығу жұмыстарына арналған тақталарын сыйға тартты.



Энрике Виллалобус Қазақстанға келгеніне қуанышты екенін және Астананың көркемдігіне тәнті болғандығын ілтипатпен атап өтті.

«Мен мұнда өзімнің жақын досым Валерий Тихоненконың шақыртуымен ұшып келдім. Қазақстанға, Астанаға бірінші рет жолым түсіп отыр, әдемі қала тамаша инфрақұрылымымен маған бірден ұнап қалды. Баскетболмен шұғылданатын кішкентай бүлдіршіндерді көріп, одан әрі қуандым. Мына Университеттегі залдарыңыз тамаша, барлық жағдай жасалған. Сіздерге тек табыс тілеймін, баскетболды сүйіңіздер, өз жұмыстарыңызды сүйіңіздер, баскетболдың өмірде сіздерге берері мол. Жаттығыңыздар, жетіле түсіңіздер, бәрі де жақсы болады! – деп түйіндеді сөзін Виллалобус мырза.»



Өз кезегінде «Астана» ПБК бас менеджері Валерий Тихоненко :

«Достарымның уақыт тауып, Астанаға сапар шегіп, біздің клубтың және біздің академияның қалай дамып келе жатқандығын көруге келгендеріне қуаныштымын. Энрике екеуміз кезінде Испанияда бірге ойнағанбыз. Достығымыздың қанша жыл өтсе де үзілмей, достарымның балалармен қалай жұмыс жасау керек екіндігіне ақыл-кеңес беріп, көмектесуге дайын екендері тебірентеді. Өйткені «Уникахи» жүйесі – Еуропадағы ең үздік орталықтардың бірі. Бүгін балаларға кішігірім болса да, мереке сыйладық деген үміттемін.»
 

Айта кетерлігі, қонақтар жаттықтырушылар құрамымен және академия менеджментімен пікір алмасып, бұдан әрі ынтымақтастықта болу мәселесін талқылады.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»