«Астана» түздегі сапарын жалғастырады

20.10.2017, 18:00    Оқылғаны: 577
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Елорда баскетболшылары Санкт-Петербургтен келген бетте, қайтадан жолға шығатын болып отыр. Бұл жолы «Астана» Беларусь астанасы Минск қаласына қонаққа барады.
  
Алдағы жексенбі күні, яғни 22 қазанда, «Минск-Арена» спорт кешенінде алаң иелері «Цмоки-Минск» клубы мен Қазақстанның «Астана» командасы ВТБ Бірыңғай лигасы аясында додаға түседі.
 
Қарсылас жайлы мәлімет:

Клуб 2006 жылы құрылған.
  • Беларусь Республикасы чемпионы – 2009-2016
  • Беларусь кубогының жеңімпазы – 2010-2016

«Цмоки-Минск» командасы да ВТБ Бірыңғай лигасының жыл сайынғы біріншілігінде 2 ойын өткізді. ЦСКА және «Химки» клубтарымен кездесіп, екеуінде де жеңіліске ұшырады. Жеңіске сусап отырған команданың «Астанамен» өтетін матчта аянбай, 100% күш-жігерін салып, тырысатыны түсінікті. Бірақ Костас Флеваракистің де командасы осы ойында жеңіске жетуді көксеп отыр. Қайсысының бағы жанып, жолы болады, оны жексенбі күнгі матч көрсетеді.
   
Костас Флеваракис, «Астана» ПБК бас бапкері: 
«Цмоки-Минск» — қорғаныста жақсы ойнайтын, қарсыласының ойыншыларын тұсаулап ұстауды ұнататын, қарымды команда. Бізге допты алаң периметрі бойынша мейілінше тез зыр қаққызып, шабуылға жігіттеріміздің неғұрлым көбісін қосып отыру керек. Қорғаныста оймақтордан қайтқан допты аңдып, әрқайсымыз 1-ге 1 ойынына сақадай сай болуымыз қажет.

 
Матч трансляциясын сағат 17:30-да «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. Сондай-ақ www.pbcastana.kz  және  www.vtb-league.com сайттарынан онлайн-режімде тамашалай аласыздар.
 


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»