Қазақстан құрамасы Әлем чемпионаты-2019 іріктеу сатысында Катар құрамасын жеңді

25.11.2017, 11:30    Оқылғаны: 972
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
2019 жылғы Әлем чемпионаты іріктеу додасының Дохада (Катар) өткен алғашқы матчында Қазақстан ұлттық құрамасы алаң иелерінен басым түсті.

Матчтың бірінші ширек бөлігі тең аяқталып, екіншісінде алаң иелері жеңіске жеткенімен, қазақстандықтар ойынның басынан аяғына дейін өрнекті ойын үлгісін көрсетіп, қалған екеуінде айқын басымдық танытты (20:20, 26:23, 7:19, 17:20). Матч 70:82 есебімен, яғни Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды.

Ең көп ұпай жинаған ойыншы Антон Пономарев болды, ол команда қоржынына 23 ұпай салды. «Астаны» клубының және Қазақстан құрамасының қорғаушысы Рустам Мырзағалиев 20 ұпай еншіледі.

Антон Пономарев:
-  Ойын әрине, өте тартысты өтті. Басында біздің ойын өрнегіміз үйлеспеді, көп қателесіп, көп доп жіберіп алдық. Ойынның екінші жартысында сабамызға түсіп, қорғаныста мұқият ойнай бастадық. Әрі ойынымыз да жүре бастады. Өте тамаша, түздегі бірінші ойында жеңіске жеттік, өз тобымыздан шығып, Әлем чемпионатына бару үшін соңына дейін аянбаймыз. Тілеуімізді тілеп, бізге жанкүйер болғандарға, Отанымызда осы ойынымызды көріп, тілеулес болып, уайымдаған жерлестеріміздің бәріне алғыс айтқым келеді. Мына жерде, Катарда да, осы ойынға келген Қазақстан азаматтары өте көп болды. Бәріне мың алғыс!

  
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Иран, Катар және Ирак құрамаларымен D тобына түскен болатын. Біздің баскетболшылар келесі ойынын 27 қараша күні Астанада өткізіп, Ирак құрамасын қабылдайды.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»