«Астана» Қазақстан чемпионатын бастайды

12.12.2017, 11:00    Оқылғаны: 293
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Ертең, 13 желтоқсан күні елордада баскетболдан Қазақстан чемпионатының ерлер арасындағы Ұлттық лигасы додасы басталады. Елорда баскетбол клубы Қостанайдың «Тобыл» командасын қабылдайды.
 
Биылғы маусымды ұлттық біріншілігімізде 5 команда бақ сынайды: «Астана», «Атырау Барыстары», «Қапшағай», «Каспий» және «Тобыл». Доп додасын өткізу тәртібі өзгерген жоқ, командалар «үйде және түзде» жүйесімен 2 айналымдық қосарланған ойыннан өткізіп шығады. Ойын хаттамасына кез келген ұлттың 2 легионерін және ЕАЭО елдерінің 2 легионерін тіркеп, алаңға шығаруға болады. Ал маусымның жалпы өтініміне тіркелетін легионерлер санына шектеу қойылмайды. Айта кетуіміз керек, Ұлттық лиганың биылғы біріншілігі 2018 жылғы наурыз айына дейін созылады, одан кейін плей-офф додасы басталады.
  
Астана және Қостанай командалары арасындағы ойындар елордадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегі залында өтеді. Матчтардың басталу уақыттары – 13 желтоқсан күні сағат 19:30-да, ал 14 желтоқсанда сағат 17:00-де. Матчтарға кіру тегін! 


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»