«Астана» Ұлттық лига додасын екі жеңіспен бастады

14.12.2017, 21:00    Оқылғаны: 235
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Елорда баскетбол клубы баскетболдан Қазақстан чемпионаты Ұлттық лигасы аясындағы алғашқы екі ойынын өткізіп, Қостанайдың «Тобыл» клубымен кездесті.

Екі күн бойы «Сарыарқа» республикалық велотрегі залында ел чемпионатының қосарланған ойындары өтті.

Бірінші ойын 110:48 есебімен аяқталып, алаң иелері үстемдік танытты. Жеңіске жеткен ұжым сапында ең көп ұпай жинаған Ларри Гордон болды. Ол команда қоржынына 21 ұпай салды. Вадим Щербак 16 ұпай, ал Антон Пономарев пен Анатолий Колесников 13 ұпайдан еншіледі.

Екінші матч та еш өзгеріссіз өтіп, алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. «Астана» бұл жолы «Тобылды» 89:59 есебімен тізе бүктірді. Ойынның үздік ойыншысы Александр Жигулин болды – 23 ұпай.

Қазақстан чемпионатындағы екі жеңістен кейін елорда клубы ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы Қазанның УНИКС клубымен өтетін кезекті кездесуіне дайындығын жалғастырады. Бұл ойын мереке күніне, яғни 17 желтоқсанға белгіленген. Матч сағат 15:00-де, «Сарыарқа» республикалық велотрегі залында өтеді.  

Билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»