«Зелена Гурамен» өткен матчтағы жанкүйерлерге арналған ұтыс ойыны

13.02.2019, 13:00    Оқылғаны: 627
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Шыңғыс Түсіпбаев
Кеше, 12 ақпан күні, Польшаның «Зелена Гура» клубымен өткен, ВТБ Бірыңғай лигасының кезекті ойыны кезінде, «Астана» баскетбол клубы көрермендер арасында ұтыс ойынын ұйымдастырып, клубтың брендтік бұйымдары мен «Easy Bounce» баскетбол дүкенінің фирмалық сыйлықтарын ұтысқа салды.





Естеріңізге сала кетейік, «Астана» өз алаңында Польшаның «Зелена Гура» клубын қабылдап, 84:70 (21:15, 24:17, 12:17, 27:21) есебімен басым түскен болатын. Бұл елорда баскетболшыларының биылғы маусымда ВТБ Бірыңғай лигасында қол жеткізген оныншы жеңісі болды.

Елорда командасы келесі ойындарын түзде өткізеді. Астаналықтар 14 және 15 ақпан күндері Атырауға қонаққа барып, жергілікті «АМУ Атырау Барыстары» баскетбол клубымен ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясында додаға түседі.

«Астананың» ВТБ Бірыңғай лигасындағы келесі кездесуі де түзде өтеді. 27 ақпан күні елорда баскетболшылары Пермнің «Парма» баскетбол клубымен кездесіп, ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы кезекті ойынын өткізеді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»