Плей-офф та жетті — «Астана» Мәскеуге кетті

04.05.2017, 15:00    Оқылғаны: 554
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Уақыт елеусіз жылжып, ВТБ Бірңғай лигасының плей-офф сатысындағы ойындар өтетін күн де жетті. «Астана» баскетбол клубы бүгін таңертең Мәскеуге аттанып кетті. Ресей астанасында елордалықтар ВТБ Бірңғай лигасының өткен маусымдағы чемпионымен, яғни ЦСКА КБК кездеседі. Естеріңізге сала кетейік, екеуара дода үш жеңіске дейін созылады.

Ресей әскерилері клубымен біздің команда биылғы маусымда екі рет кездескен. Екеуінде де Димитрис Итудистің шәкірттері «Астанадан» басым түсті.

Бірінші ойын 5 мамыр күні Александр Гомельский атындағы ЦСКА ӘСК аренасында өтеді. Келесі күні екі команда да демалыс берілген, ал 7 мамырда қос клуб қайтадан додаға түседі.

Команданың бас бапкері Илиас Папатеодору алдағы ойындар жайлы өз ойын білдірді:
«Біріншіден, біз үшін ВТБ Бірңғай лигасының плей-офф сатысына шығудің өзі үлкен жетістік болып саналады. Бізге ең қарымды команда тап болды, Еуролига чемпионы – ЦСКА. Қарсыласымыздың деңгейі бізді одан әрі жігерлендіре түседі. Әрі біз намысты қолдан бермейміз деп ойлаймын. Сондай-ақ, Еуропа баскетболының жұлдыздарына қарсы ойнап, баға жетпес тәжірибе жинауға тырысамыз».
 
Сіздер матч трансляциясын ВТБ Бірңғай лигасының ресми сайтынан онлайн режімінде көре аласыздар – 5 мамырда 22.00-де және 7 мамырда 17.30-да, сондай-ақ «Қазспорт» телеарнасынан сәл кейінірек көре аласыздар – 6 мамырда 12.00-де және 7 мамырда 21.00-де Астана уақытымен.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»