ХХV Қазақстан чемпионатының ерлер арасындағы Ұлттық лигасы
Астана
Астана
Ұлттық лига, 4-і Финалы Финал
23.04.2017, 17:00 Жс
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
94:78
Негізгі уақыт
20:18 27:17 22:21 25:22
Ойын нөмірі: ПО-04
Көрермен: 0
Атырау Барыстары
Атырау

«Астана» – 2016/2017 маусымдағы Қазақстан чемпионы

23.04.2017, 21:00    Просмотров: 637
Источник: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Екі күн бойы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде еліміздің ең үздік клубы атағы сарапқа салынды.
 
Бұл додада «Астана» баскетбол клубының мерейі үстем болып, баскетболдан Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды. Финалдық ойында «Атырау Барыстары» командасымен кездесіп, елорда алыптары 94:78 есебімен басым түсті.
 
Матчтың ең үздік ойыншысы Роберт Лаури болды, ол команда қоржынына 25 ұпай салды. Дмитрий Гаврилов – 18 ұпай, Йан Миллер – 17 ұпай және Максим Марчук – 13 ұпай.
 
Екінші орынды «Атырау Барыстары» иеленіп, қола жүлде Ақтаудың «Каспий» клубына бұйырды.
 
Ел чемпионаты аяқталған бетте, қалыптасқан дәстүр бойынша Қазақстан чемпионатының ең үздік бес ойыншысы анықталды:
  • Үздік қорғаушы – Парк Тревин (Атырау Барыстары)
  • Үздік шабуылдаушы қорғаушы – Азим Ягодник (Каспий, Ақтау)
  • Үздік жеңіл шабуылшы – Рустам Ерғали (Астана)
  • Үздік ауыр шабуылшы – Антон Пономарев (Астана)
  • Үздік орталық ойыншы – Михаил Евстигнеев (Атырау Барыстары)

Айта кетуге тиіспіз, биылғы ел чемпионаты «Қазақстан баскетболының 90 жылдығы» айдарымен өтті. Осыған байланысты, Ұлттық баскетбол федерациясының бұйрығымен «Мерейтойлық медаль» бекітілген болатын. Ол біздің елде баскетболды дамытуға сүбелі үлес қосқан спорт қайраткерлері мен тұлғаларға табысталуы керек болатын.
 
Осындай бірінші медаль «Астана» ПБК бас менеджері, Олимпиада чемпионы Валерий Алексеевич Тихоненкоға табыс етілді. Өз кезегімізде біз оны осындай сый-құрметке қол жеткізуімен құттықтаймыз.

Биылғы маусымның қорытындысын шығара отырып, осы жыл «Астана» үшін аса табысты болды деуге болады. Команда мен бапкерлер алдына қойылған мақсаттардың бәрі де орындалды. Команда 2017 жылғы Қазақстан кубогының иегері атанды, ҚР чемпионатының алтын медалын жеңіп алды, сонымен қатар ВТБ Бірыңғай лигасында плей-офф сатысына шықты.

«Астана» ПБК бас жаттықтырушысы Илиас Папатеодору ел чемпионатын қорытындылап шықты:
- Бұл оңай ойын болған жоқ, жалпы біз чемпиондық атаққа лайық өнер көрсеттік деп ойлаймын. Өрнекті ойын үлгісін көрсетіп, чемпионат бойы басымдық таныттық. Мен бірінші кезекте, өз ойыншыларымды құттықтаймын, өйткені олар өздерінің жұмыстарын, міндеттерін өте жақсы орындап шықты. Біз чемпионатты өте жақсы аяқтадық, алдымызға қойылған мақсаттардың бәрін жүзеге асырдық. Біз енді бір-екі күн дем аламыз, жеңісімізді атап өтеміз, содан кейін ЦСКА баскетболшыларымен өтетін плей-офф додасына дайындаламыз.
 
Жігіттерімізге жеңіс пен табыс тілейміз және ҚР Ұлттық лигасында чемпион атануларымен тағы да құттықтаймыз!

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2005 Клубтық түстері: ақ, жасыл
Мемлекет: Қазақстан Арена: AIROM ARENA
Қала: Атырау Сайт: www.bcbarsy.kz

Сипаттамасы

«Атырау Барыстары» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Атырау қаласынан.

«Атырау Барыстары» баскетбол клубы 2003 жылы құрылды. Бұған 2001 жылы Атырау облыстық баскетбол федерациясының құрылуы ұйытқы болды. 2003 жылы Атырау облыстық баскетбол федерациясы мен Атырау облыстық Туризм және спорт басқармасының және Орск баскетбол федерациясының күш-жігерлерімен «Атырау Барыстары» командасы құрылды.

Жетістіктері:
  • Қазақстан Чемпионатының жеңімпазы: 2010/2011, 2015/2016
  • Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2016/2017, 2017/2018, 2018/2019, 2019/2020, 2020/2021, 2021/2022
  • Жоғары лигасының жеңімпазы: 2014/2015
  • Қазақстан Кубогының иегері: 2009, 2022
  • Қазақстан Кубогының күміс жүлдегері: 2010, 2011, 2012, 2016, 2017, 2018
  • Қазақстан Кубогының қола жүлдегері: 2020, 2021

Команданың жалпы суреті

Атырау Барыстары