Ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогы 2017
Астана
Астана
Қазақстан Кубогы, Топтық кезең
08.03.2017, 14:00 Ср
Арена: ӘСК «Достық» (Алматы)
79:66
Негізгі уақыт
17:7 23:23 23:20 16:16
Ойын нөмірі: КК-01
Көрермен: 350
Қапшағай
Қапшағай

Қазақстан кубогы 2017 – бірінші күн: «Астана» «Қапшағайды» жеңді

08.03.2017, 16:00    Просмотров: 1048
Источник: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Бүгін Алматыда баскетболдан ерлер арасындағы 2017 жылғы Қазақстан Республикасы кубогы додасы басталды. Жеребе бойынша біздің командамыздың бірінші қарсыласы «Қапшағай» БК болды. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан кубогы додасында ҚР ҰБФ регламентіне сәйкес, тек қазақстандық ойыншылар ғана ойнайды.

Елорда командасы ойынның алғашқы онминуттық бөлігін жоғары қарқында өткізіп, бірден +10 ұпай алға озды. Ал екінші кезең тең дәрежеде өтті, «Астананың» әрбір шабуылына қапшағайлықтар лезде қарсы айла-әрекет ұйымдастырып отырды. Әйтсе де, матчтың бірінші бөлігі 40:30 есебімен, «Астананың» жеңісімен аяқталды.

Ойынның екінші бөлігі әлдеқайда қызықты басталды. Минут сайын доп додасы қыза түсті. Астаналықтар сәл босаңсып, «Қапшағай» оны қалт жібермей пайдаланып, тіпті ұпай айырмасын қысқарта түскен сәттері де болды. Бірақ тактикалық тайм-ауттардан кейін Илиас Папатеодорудың шәкірттері алаңға өздерін қайрап шығып, қапшағайлықтардан +13 ұпай алға озды. Сөйтіп, матч 65:50 есебімен аяқталды. Соңғы онминуттық та екі команда үшін шиеленісті өтті. Бірақ «Астананың» жігерлігі мен қайсарлығы бұл ойында жеңіске жетеледі. Кездесу 79:66 есебімен аяқталып, «Астана» ПБК жеңіске жетті.

Статистика: Рүстем Мырзағалиев – 24 ұпай, Антон Пономарев – 17 ұпай, Рустам Ерғали – 11 ұпай.

Илиас Папатеодору, «Астана» ПБК бас бапкері: 
– Бүгін кубок додасының алғашқы ойыны өтіп, біз бірінші рет шетелдіктерсіз додаға түстік, әрі бұл жігіттер үшін тамаша сын болды. Әрине, ойын барысында қателіктер болды, бірақ біз тынбай жұмыс жасай беруіміз керекпіз, сонда жеңісіміз де көбейеді.

Ертең «Астана» дем алады, ал 10 наурыз күні елордалықтар «Каспий» баскетбол клубымен кездеседі. «Достық» спорт кешенінде өтетін ойын 17:00-де басталады.
 
Турнир және оған қатысатын командалар туралы толық мәліметтер, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері біздің сайтымыздың Турнирлер бөлімінде жарияланған.
 

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2011 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Қазақстан Арена: СК «Жастар»
Қала: Қапшағай Сайт: www.bckapshagay.kz

Сипаттамасы

«Қапшағай» — Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіби баскетбол клубы, Қапшағай қаласынан.

Алматы облысының «Қапшағай» баскетбол клубы 2011 жылы 20 қаңтарда  
Алматы облысы әкімінің қаулысымен, Алматы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдау көрсетуімен құрылған.
 
Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигадағы қола жүлдегері: 2015/2016
  • Қазақстан чемпионатының Жоғарғы лигадағы чемпионы: 2011/2012
  • Қазақстан чемпионатының Жоғарғы лигадағы қола жүлдегері: 2016/2017
  • Қазақстан кубогының күміс жүлдегері: 2015, 2016
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2014
  • Баскетболдан клубтық командалар арасындағы Азия чемпионатына қатысқан, Амман (Иордания): 2012/2013