ВТБ Бірыңғай лигасы 2018/2019
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Тұрақты біріншілік
30.03.2019, 20:00 Сн
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
79:71
Негізгі уақыт
24:12 19:18 18:22 18:19
Ойын нөмірі: RS-148
Көрермен: 1156
ПАРМА
Пермь

«Астана» жеңістері бойынша тарихи рекорд жаңартты

31.03.2019, 08:00    Просмотров: 558
Источник: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:
Қазақтың «Астанасы» өз алаңында Ресейдің «ПАРМА» клубын тізе бүктірді – 79:71.

Ойынның басында Кен Браун көзге түсіп, қонақтар алға шықты. Бірақ «Астана» қарқынын бірден үдетіп (14:4), таразы басын өздеріне қарай аударды. Кеннет Хортон (екі мәрте) және Стивен Холт доға сыртынан шығыршықты дәл көздеп, алаң иелерінің екі таңбалы сан айырмасымен алға озуына ықпал етті – 24:12. Екінші 10-минуттықта «ПАРМА» ойын өрнектерін жетілдіре түсіп, есепті «–5» айырмасына дейін қысқартты. Алайда үлкен үзіліс жақындағанда, «Астананың» Джей Джей О’Брайен бастаған америкалық легионы есеп айырмасын қайтадан екі таңбалы санға жеткізді. Матчтың бірінші бөлігі 43:30 есебімен аяқталып, алаң иелері қара үзіп кетті.


Бұдан кейін оралдықтар тағы да бірнеше рет «Астананы» қуып жетуге тырысты. Ең маңыздысы, төртінші 10-минуттықта жүзеге асты. Тре МакЛин допты екі рет қатарынан үш ұпайлық аймақтан дөп түсіріп, есепті «–6» ұпай айырмасына дейін қысқартты – 65:59. О’Брайен мен Джеффри Гросселл қайтадан есеп айырмасын екі таңбалы санға жеткізді. Бірақ Тре МакЛин алаң иелерінің алысқа ұзауына мүмкіндік бермеді. Әйтсе де, «ПАРМА» ойыншылары бастаған бұл камбэкті де Гросселл, О’Брайен және Майкл Дженкинс сынды тәжірибелі баскетболшылар тоқтатты. Олар қарсыластарын ойын ережесін бұзуға өте сауатты түрде мәжбүрлеп, өздері айып соққыларын мүлтіксіз орындап отырды. Сөйтіп, «Астана» бұл ойынды жеңіспен аяқтап, әрі жеңістерінің саны бойынша (14) клубтың жаңа рекордын жаңартып қана қоймай, алғашқы үштіктегі командалардың ізіне түсті.   
 

Ең көп ұпай еншілегендер:
  • «Астана»: Джей Джей О’Брайен (20 + 9 пас), Майкл Дженкинс (17 + 5 пас), Кеннет Хортон (15 + 10 рет доп қағып алды + 5 пас), Джеффри Гросселл (10 + 9 рет доп қағып алды)
  • «ПАРМА»: Тре МакЛин (18 + 6 рет доп қағып алды), Кен Браун (15 + 5 пас)

Үздік ойыншы – Джей Джей О’Брайен. «Астана» шабуылшысы алаңнан шықпай ойнады десе де болады. Ол алаңда бақандай 37 минут өнер көрсетіп, команда қоржынына салған ұпайларының саны бойынша да (20), пастары бойынша да (9) матчтың үздік ойыншысы болды.

Цифр – 14 жеңіс. Қазақстан астанасы командасының жаңа рекорды. Бұған дейінгі (13 жеңіс) жоғары нәтижелері 2014-2015 жылдар маусымында тіркелген болатын.

«Астана» клубының бас бапкері Эмиль Райкович:
— Командамды бүгінгі жеңіспен құттықтауға қуаныштымын. Бұл – біздің биылғы маусымдағы 14-ші жеңісіміз, әрі «Астананың» ВТБ лигасындағы клубтық рекорды. Мен өз ойыншыларымды, жаттықтырушылар мен барлық көмекшілерімді мақтан тұтамын. Жанкүйерлер өздері тұратын қалада нағыз жанкешті, ерекше команда бар екенініне көз жеткізіп, қолдау көрсетуге лайық екенімізді түсінеді деп ойлаймын. Футбол, хоккей және басқа спорт түрлері жанкүйерлерін келесі ойындарымызға келіп, «Астанаға» қолдлау көрсетуге шақырамын.


«ПАРМА» клубының бас бапкері Вячеслав Шушаков:
— Бүгінгі ойынға бекітілген жоспарымыз болған, біз оны жүзеге асырып отырдық. Бірақ матч соңында алаң иелерінің қарқындарына төтеп бере алмадық. Батылырақ қимылдап, ойын ережесін бұзып, олардың екпіндерін басу керек еді. Бірақ ойыншыларымыз мұның бәрін ұмытты. Бұл «Астананың» есеп айырмасын ұқстап қалуына мүмкіндік берді. Бізге үшінші және төртінші кезеңдерде жеңіске жетуге болушы еді. Мұндай позитивті сәт және жеңіске деген талпыныс бізге келесі ойындарда қажет болады. Сонда жеңіске жетуге тырысамыз.


Елорда командасы келесі ойындарын 2-6 сәуір күндері Алматыда өтетін Қазақстан Кубогы додасында өткізеді.

Ал ВТБ Бірыңғай лигасындағы келесі кездесуін түзде өткізіп, 11 сәуір күні елорда баскетболшылары осы лиганың көшбасшысы, Мәскеудің ЦСКА командасымен додаға түседі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2012 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Ресей Арена: ӘСС «Молот»
Қала: Пермь Сайт: parmabasket.ru

Сипаттамасы

«ПАРМА-ПАРИ» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Пермь қаласынан, 2012 жылы құрылған.

Жетістіктері:

  • Ресей кубогының жеңімпазы – 2015/2016, 2018/2019
  • Ресей кубогының қола жүлдегері – 2016/2017
  • Суперлиганың қола жүлдегері – 2015/2016
  • ФИБА Еуропа Кубогының төрттік финалының қатысушысы — 2021

Команданың жалпы суреті

ПАРМА