Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы XXVII Қазақстан чемпионаты
Барсы Атырау 2
Атырау
Ұлттық лига, Тұрақты біріншілік
15.02.2019, 20:00 Жм
Арена: ДШДК «Авангард» (Атырау)
14:101
Негізгі уақыт
4:22 5:32 5:23 0:24
Ойын нөмірі: 81
Көрермен: 0
Астана
Астана

«Астана» «АМУ Барыстарымен» өткен екінші ойында рекорд жасады

16.02.2019, 10:00    Просмотров: 757
Источник: Баспасөз қызметі
Автор: Шыңғыс Түсіпбаев
«Астана» Атырауда түздегі екінші ойынын өткізіп, жергілікті «АМУ Атырау Барыстары» командасымен Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясында додаға түсті.
 
Бір күн бұрын өткен ойында елорда командасы алаң иелерін 41:98 есебімен ойсырата жеңгендіктен, «АМУ Атырау Барыстарының» қонақтарына лайықты деңгейде қарсылық көрсете алатынына ешкім де сенген жоқ, десек те болады. Іс жүзінде солай болып шықты да, Атырау клубының қосалқы құрамы елордалықтарға алғашқы екі минутта ғана төтеп бере алды. одан кейін «Астана» құйындай орап соқты. Жасыл-ақ жейделілер бірінші кезеңнің аяғына дейін қонақтарының шығыршығына доп түсіре алмай, 18 ұпай айырмасымен ұтылды. Екінші кезеңде де ойын өрнегі өзгерген жоқ, «Астана» алаңда үстемдік құрып, матчтың бірінші жартысында-ақ қара үзіп кетті – 9:54.

Үлкен үзілістен кейін де Атырау командасы қонақтарының қарқындарына төтеп бере алмай, есеп айырмасы ұлғайған үстіне ұлғая берді. Ал үшінші кезеңнен кейін ол 60 ұпайдан да асып жығылды. «АМУ Атырау Барыстары» үшін үш кезеңде сәтсіз аяқталған еді. Ал соңғысы тіптен сорақы болып шықты. Олар төртінші кезеңде бірде-бір ұпай ала алмай, биылғы маусымда ең ірі есеппен күйрей ұтылды. Есеп – 14:101 (4:22, 5:32, 5:23, 0:24).

Матчтың үздік ойыншылары:
  • Максим Марчук – 19 ұпай, 3 рет допты қағып алды, 7 пас, 12 рет допты қиып әкетті және тиімділігі – 33.
  • Руслан Айтқали – 15 ұпай, 7 рет допты қағып алды, 2 рет допты қиып әкетті және тиімділігі – 23.
  • Дмитрий Гаврилов – 13 ұпай, 6 рет допты қағып алды, 1 рет допты қиып әкетті және тиімділігі – 17.
  • Рустам Мырзағалиев – 12 ұпай, 7 рет допты қағып алды, 7 пас, 4 рет допты қиып әкетті және тиімділігі – 23
 
«Астана» келесі ойынын түзде өткізеді. Нақтырақ айтқанда, 27 ақпан күні елордалықтар Пермь қаласына барып, онда биылғы маусымда бірінше рет «Парма» баскетбол клубымен ВТБ Бірыңғай лигасы аясында додаға түседі.

 
Ал Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясындағы келесі екі ойынын өз алаңында өткізеді. 5 және 6 наурыз күндері елорда баскетболшылары Ақтаудың «Каспий» баскетбол клубын қабылдайды.
 
Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2015 Клубтық түстері: ақ, жасыл
Мемлекет: Қазақстан Арена: AIROM ARENA
Қала: Атырау Сайт: www.bcbarsy.kz

Сипаттамасы