ВТБ Бірыңғай лигасы 2016/2017
Химки
Химки
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Тұрақты біріншілік
15.01.2017, 20:00 Жс
Арена: БЦМО (Химки)
83:66
Негізгі уақыт
23:17 16:17 21:18 23:14
Ойын нөмірі: RS/76
Көрермен: 1750
Астана
Астана

«Астана» Химкиге ұшып кетті

14.01.2017, 14:45    Просмотров: 1222
Источник: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Бүгін «Астана» баскетболшылары ВТБ Бірыңғай лигасы чемпионатындағы кезекті ойынын өткізу үшін Мәскеу іргесіндегі қалаға ұшып кетті. Ертең, яғни 15 қаңтар күні жергілікті «Химки» командасымен кездеседі.
 
Химкиліктер қазір ВТБ лигасының турнир кестесінде 4-орынды иеленіп тұр. Олар 11 ойынның 8-інде жеңіске жеткен. «Астана» баскетболшыларына оңай болмайды.
 
«Астана» ПБК бас бапкері Илиас Папатеодору алдағы ойын жайлы өз пікірін білдірді: «Химки» – ВТБ лигасындағы ең үздік командалардың бірі. Бұл командада деңгейі жоғары қас шеберлер жиналған. Оларға Иванович мырза жетекшілік етеді. Ол – Еуропаның өте білікті бапкері. Бізді өте қиын ойын күтіп тұр. Бірақ біз аянбай, бар күш-жігерімізді салып, намысты қолдан бермеуге тырысамыз».
 
Естеріңізге сала кетейік, ойын түзде өтеді. Сіздер матчтың трансляциясын сағат 20:00-ден бастап ВТБ лигасы сайтынан онлайн-режімде, сондай-ақ Kazsport телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар. Басталуы – 19:50-де.

«Химки» қайран қалдырды

15.01.2017, 22:30    Просмотров: 1453
Источник: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:
Ресейдің «Химки» клубы өз алаңында Қазақстанның «Астанасынан» басым түсті – 83:66 (23:17, 16:17, 21:18, 23:14)

Ойын тартысты басталған. Үшінші 10-минуттықтың ортасында таразы басы тең болатын – 44:44. Бірақ химкиліктердің доға сыртынан «нысананы» үш рет дәл көздеп, алға ұзап кетті. Қонақтар алаң иелерін қуып жетуге тырысты-ақ. Алайда ойынның соңғы ширек бөлігінде «Химки» Алексей Швед, Егор Вяльцев және Робби Хаммел үшеуінің нәтижелі ойындарынан соң 12:2 есебімен тағы да қара үзді. Осыдан соң бұл ойында қай команданың жеңіске жететіндігіне шүбә келтіруге болмай қалды.
 
Ең көп ұпай жинағандар:

«Химки»: Алексей Швед (23 + 11 пас), Марко Тодорович (15 + 18 рет қайтқан допты қақшып алды), Вячеслав Зайцев (10), Робби Хаммел (10)

«Астана»: Роберт Лоури (18 + 5 пас), Усман Крубалли (10 + 5 д.қ.а), Димитриос Катсивелис (10 + 6 пас)

khimki_astana_ubl_vtb_ (4)

«Астана» келесі ойынын өз алаңында өткізеді. 21 қаңтар күні елорда командасы ВТБ Бірыңғай лигасы аясында Петербордың «Зенит» клубын қабылдайды.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1997 Клубтық түстері: сары, көк
Мемлекет: Ресей Арена: Мытищи Арена
Қала: Химки Сайт: bckhimki.ru

Сипаттамасы

«Химки» – ресейдің ерлер арасындағы баскетбол клубы, Мәскеу облысынан.

Жетістіктері:
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері – 2006, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2015, 2017, 2018, 2019
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері – 2007
  • Ресей кубогының жеңімпазы – 2008
  • ВТБ Бірыңғай лигасының чемпионы – 2010/2011
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері – 2014/2015, 2016/2017, 2017/2018, 2018/2019
  • ULEB Еуропа кубогының финалына шыққан – 2008/2009
  • Еуропа кубогының финалына шыққан – 2005/2006
  • FIBA Еуролигасы «Төртеу финалында» додаға түскен – 2004/2005
  • ВТБ Бірыңғай лигасы «Төртеу финалында» додаға түскен – 2009/2010
  • Еуропа кубогының жеңімпазы – 2011/2012, 2014/2015

Команданың жалпы суреті

Химки