Клуб

Клуб тарихы

«Астана» баскетбол клубы 2011 жылдың наурыз айында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен құрылған.
  
Жетістіктері:
  • Қазақстан Ұлттық лигасының 11 дүркін чемпионы — 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2014/2015, 2016/2017, 2017/2018, 2018/2019, 2019/2020, 2020/2021, 2021/2022, 2022/2023
  • Қазақстан Кубогының 10 дүркін иегері — 2011, 2012, 2013, 2014, 2017, 2018, 2019, 2020, 2021, 2023
  • Қазақстан Ұлттық лигасы чемпионатының күміс жүлдегері — 2015/2016
  • Қазақстан Кубогының күміс жүлдегері — 2022
  • Батыс Азия супер лигасының қола жүлдегері — 2023
  • ФИБА Азия чемпиондары кубогының қола жүлдегері — 2017
  • ВТБ Бірыңғай лигасы:
    • 2011/12 маусымы - топта 7 орын
    • 2012/13 маусымы - топта 5 орын, плей-офф кезеңі - 1/8 финал
    • 2013/14 маусымы - топта 5 орын, плей-офф кезеңі - 1/8 финал
    • 2014/15 маусымы - тұрақты маусымда 8 орын, плей-офф кезеңі - 1/4 финал
    • 2015/16 маусымы - тұрақты маусымда 15 орын
    • 2016/17 маусымы - тұрақты маусымда 8 орын, playoff - 1/4 финал
    • 2017/18 маусымы - тұрақты маусымда 10 орын
    • 2018/19 маусымы - тұрақты маусымда 6 орын, playoff - 1/4 финал
    • 2019/20 маусымы - тұрақты маусымда 10 орын
    • 2020/21 маусымы - тұрақты маусымда 12 орын
    • 2021/22 маусымы - тұрақты маусымда 10 орын


2014 жылы «Астана» алғаш рет Еуропаның клубтық додасына, яғни FIBA EuroChallenge кубогына қатысып, ширек финалға сынық сүйем жетпей, «TOP-16» сатысына дейін жетті.

2013 жылдан 2016 жылға дейін ВТБ Біріккен Лигасында кезекті маусымның қорытындысы бойынша «Қазақстанның үздік ойыншысы» жүлдесі берілді. Анатолий Колесников пен Антон Пономарев бұл марапатқа екі рет ие болды. Сонымен қатар, Пономарев 741 ұпаймен чемпионат тарихындағы ең нәтижелі қазақстандық ойыншы.

Жаттықтырушылары құрамы:

  • «Астананың» ең бірінші бас бапкері Италия маманы Маттео Боничиолли болды. Ол астана командасының жаттықтырушылары құрамын екі маусым басқарды – 2011/2012 және 2012/2013 жылдары. Оның жетекшілік етуімен, біздің жас командамыз алғаш рет Қазақстан чемпионы атанып, бірінші рет Қазақстан кубогын жеңіп алды. Сондай-ақ 2012/2013 жылдар маусымында ВТБ Бірыңғай лигасының плей-офф сатысына шықты.
  • 2013/2014 жылдар маусымында «Астананы» серб маманы Александар Трифунович жаттықтырды. Ол елорда командасымен Қазақстан ұлттық чемпионатында үстемдік құрып, топ жарды. Сондай-ақ ВТБ Бірыңғай лигасында «Астананың» турнир кестесіндегі жағдайын тұрақтандырып, команданы аталған лигасының плей-офф сатысына алып шықты.
  • 2015 жылдың ақпан айынан бастап, 2015/2016 жылдар маусымының соңына дейін команданы Литва жаттықтырушысы Рамунас Бутаутас баптады. Еуропаға танымал маман 2007-2010 жылдары ерлер арасындағы Литва ұлттық құрамасын жаттықтырып, Еуробаскет біріншілігінде қола жүлдеге ие болған және Бейжің Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған. Ал Олимпиада ойындарынан төртінші орынды ожалап қайтқан болатын.
  • 2016/2017 жылдар маусымында команда Илиас Папатеодорудың қол астында Грекия баскетболы мектебін игере бастады. Ол жасөспірімдер арасындағы командалармен көп еңбек етіп, тәжірибе жинақтаған, Грекии U20 жастар құрамасын жаттықтырған талабы зор, дарынды бапкер болатын.
  • 2017/2018 жылдар маусымының жартысында біздің жігіттерді грек маманы Костас Флеваракис жаттықтырды. Ол жаңа жылдан кейін бас бапкерлік қызметінен кетіп, оның орнын соған дейін бізді клубта жаттықтырушы болған Михаил Карпенко басты.  
  • 2018/2019 - 2020/2021 үш маусымда біздің команданың жаттықтырушылар штабын басқарған Эмиль Райкович болды, онымен клуб «Астана» клубы тарихындағы ең сәтті маусымды (2018/2019) өткізіп, ең атақты ерлер командасы болды. елде және Эмиль Райковичтің өзі ВТБ Біріккен Лигасының үздік жаттықтырушысы атағына ие болды.
  • 2021/2020 маусымда елордалық клуб сербиялық маман Дарко Руссомен келісімшартқа отырды.
  • 2022 жылдың наурыз айында серб маманы Деян Парежанин бас бапкердің міндетін атқарушысы қызметін орындайтын болды.
  • 2022/23 маусымы басталар алдында клубтың бас бапкері болып Олег Киселев тағайындалды.
  • 2024 жылы ақпанда «Астана» бас бапкері грек маманының Фотиос Такианос болды.