ВТБ Бірыңғай лигасы 2023/2024
УНИКС
Казань
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Бірінші кезең
02.11.2023, 22:00 Бс
Арена: Баскет Холл (Казань)
96:65
Негізгі уақыт
23:12 31:25 22:14 20:14
Ойын нөмірі:
Көрермен: 3562
Астана
Астана

Қазандағы жеңіліс

03.11.2023, 01:00    Просмотров: 243
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасында кезекті көшпелі матч өткізді, бұл жолғы қансылас – Қазан.

Лиганың қазіргі чемпиондары бірінші кезеңде басымдыққа ие болды. Екінші кезең басында Олег Киселевтің командасы жауапсыз 7 ұпай жинап, ұпай санын азайта алды, алайда бұл матч қорытындысына әсер етпеді, есеп 96:65 қазандықтардың пайдасына.

Бұл ойында елордалық команданың құрамында Маркелл Джонсон (17 ұпай, 11 пас), Карвел Андерсон (16 ұпай), Девин Дэвис (15 ұпай) және Ройс Хамм (11 ұпай, 8 рет допқа жету) бар.
 

«Менің ойымша, бүгін біз өте жақсы матч өткіздік. Алдыңғы ойындарда «Астана» өзінің мықты қарсылас екенін дәлелдеді. Олар шабуылда басымдыққа ие және ұпай алуды біледі. «Астана қорақта «Пари Нижний Новгородты», өз алаңында «Автодорды» жеңіп, «Зенитті» жеңуге жақын болды», — деп атап өтті алаң иелерінің бапкері Велимир Перасович ойыннан кейін.

Енді «Астана» бірден Мәскеуге аттанады, онда МБА-мен ойнайды. Кездесу 5 қарашада, Астана уақыты бойынша сағат 22:30-да басталады, көрсетілім біздің сайтта қолжетімді.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1991 Клубтық түстері: ақ, жасыл
Мемлекет: Ресей Арена: Баскет Холл
Қала: Казань Сайт: www.unics.ru

Сипаттамасы

УНИКС – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қазан қаласынан, 1991 жылы құрылған.
 
Жетістіктері:
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері − 2001, 2002, 2004, 2007, 2016, 2021
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері − 2000, 2003, 2005, 2009−2011, 2013/2014, 2018/2019, 2021/2022
  • Ресей кубогының жеңімпазы − 2003, 2009, 2014
  • FIBA Евролига чемпионы − 2003/2004
  • Еуропа кубогы жеңімпазы − 2010/2011
  • Еуропа кубогының финалына шыққан – 2013/14 
  • NEBL чемпионы − 2002/2003
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері − 2009/2010, 2011/2012, 2015/2016, 2020/2021
  • ВТБ Бірыңғай лигасының қола жүлдегері − 2010/11, 2018/2019, 2021/2022