ВТБ Бірыңғай лигасы 2023/2024
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Бірінші кезең
10.01.2024, 20:00 Ср
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
76:86
Овер тайм
21:15 19:14 23:22 8:20 5:15
Ойын нөмірі:
Көрермен: 1145
ПАРМА
Пермь

Оңай болмаған овертайм

10.01.2024, 23:00    Просмотров: 199
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
ВТБ Бірыңғай лигасында өнер көрсететін «Астана» 2024 жылдағы алғашқы өз алаңындағы ойынын өткізіп, «ПАРМА» командасын қабылдады.
 
Қазақстандық ұжым матч басынан бастап басымдыққа ие болып, үш ширекте жеңіске жеткенімен, ойынның соңғы бөлігі Олег Кисилев шәкірттері үшін сәтсіз болды. Нәтижесін, пермьлік баскетболшылар кездесудің соңғы секундтарында таразы басын теңестіріп, ойынды овертаймға ұластырды.
 
Қосымша бес минуттықта ресейлік ұжым басым түсті, қорытынды есеп – 76:86.
 
«Астана» сапынан Маркелл Джонсон (18 ұпай, 10 пас), Ройс Хэмм (18 ұпай, 12 допты алу), Дэвин Дэвис (14 ұпай, 12 допты алу) пен Карвел Андерсон (12 ұпай) ерекше көзге түсті.
 
Сонымен қатар, бұл матчта 8-нөмірлі жейдемен алаңға шыққан Василие Пушица «Астана» сапындағы дебюттік ойынын өткізді.
 
 
 «Өз командамды жеңіспен құттықтаймын. Қазір командамыз күрделі кезеңді бастан өткеріп жатыр, әр ойын қиын, оның ішінде «Уралмашқа» және «Зенитке» қарсы матчтар. Бүгін де ойынның басы оңайға соққан жоқ. «Астана» жақсы ойнайды, олардың «Локомен» болған матчындағы тартысты көрдік. Ойында физикалық байланыс та, ширақылық та болды, кездесудің қалай аяқталатыны соңғы минуттарға дейін белгісіз болды. Сол кездесуді, құрамында мықты ойыншылары бар «Астананы» жақсылап талдадық: олар периметрден өткір шабуылдар жасайды, Хэмм допты тартып алуда өте жақсы ойын өрнегін көрсетеді. Олар үздік алтылыққа ену үшін күресті жалғастыруда. Сондықтан, ойында екі тараптың да оңай берілмейтінін, «Астананың» алғашқы минуттардан басымдықты өз қолына алып, есептегі айырмашылықты ұлғайтуға тырысатынан білдік және бірінші ширекте дәл осылай болды. Кездесуді баяу бастадық, снайперлерге баяу жауап бердік, ашық соққылар жасауға өзіміз мүмкіндік жасадық, барлығы ойымыздай болған жоқ. Содан соң үзілісте командамен сөйлестік және төртінші ширектегі 8:20 есебі – соның нәтижесі. Төртінші ширек пен овертаймда өз мәнеріміздегі қорғанысты көрсете алдық. Қорғаныста сауатты өнер көрсетіп, допты алу мен снайперлерді өз бақылауымызда ұстадық. Қорытындысы – допты алуда жеңіске жетіп, көп қателік жасамадық», — деп пікір білдірді «ПАРМА» бас бапкері Евгений Пашутин матчтан кейін.
 
Енді «Астана» сырт алаңда ойын өткізеді, қазақстандық клуб 14 қаңтар күні Екатеринбургте жергілікті «Уралмашқа» қарсы ойнайды.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2012 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Ресей Арена: ӘСС «Молот»
Қала: Пермь Сайт: parmabasket.ru

Сипаттамасы

«ПАРМА-ПАРИ» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Пермь қаласынан, 2012 жылы құрылған.

Жетістіктері:

  • Ресей кубогының жеңімпазы – 2015/2016, 2018/2019
  • Ресей кубогының қола жүлдегері – 2016/2017
  • Суперлиганың қола жүлдегері – 2015/2016
  • ФИБА Еуропа Кубогының төрттік финалының қатысушысы — 2021