ВТБ Бірыңғай лигасы 2023/2024
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Екінші кезең
12.02.2024, 20:00 Дс
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
65:82
Негізгі уақыт
16:20 22:17 13:24 14:21
Ойын нөмірі:
Көрермен: 962
Автодор
Саратов

Лиганың екінші кезеңін бастадық

12.02.2024, 22:00    Просмотров: 291
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы тұрақты маусымының екінші кезеңін бастады. Еске сала кетсек, команданың бұл кезеңдегі алғашқы матчы 9 ақпанда өтуі керек болған, алайда «Пари НН» командасына қарсы ойын қарсыластың Қазақстан астанасына келе алмауына байланысты кейінге шегерілді.

Ал дүйсенбі күні команда Саратовтың «Автодор» командасына жол берді – 65:82.

«Астана» сапынан Карвел Андерсон (22 ұпай) мен Ройс Хэмм (16 ұпай, 6 допты алу) матчтың үздік ойыншылары атанды. 
 

«Команданы, бапкерлер құрамын құттықтаймын, өте жақсы жұмыс істедік. Зейініміз ойын бойы тек матчта болды, күрес жүргіздік. Ойынымызға көңілім толды, қателіктерді азайту керек екенін айттым, десе де, бұл – біз үшін үлкен жеңіс.

Тағы бір нәрсе айтқым келеді. Бүгін – барлық сербиялық бапкерлер үшін қаралы күн. Ағам, жақын достарымның бірі Деян Милоевичтің жерлеу рәсімі өтті. Бүгінгі жеңісімізді оған және оның отбасына арнаймыз»
, — деп ойынды қорытындылады «Автодор» бас бапкері Миленко Богичевич. 

ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы келесі ойынын Олег Киселев шәкірттері Жұлдыздар матчы мен халықаралық үзілістен кейін, 3 наурыз күні Мәскеуде «Рунаға» қарсы өткізеді.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1960 Клубтық түстері: ақ, қара
Мемлекет: Ресей Арена: СС «Кристалл»
Қала: Саратов Сайт: avtodor.ru

Сипаттамасы

«Автодор» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Саратов қаласынан, 1960 жылы құрылған.
 
Жетістіктері:
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері – 1993/1994, 1996/1997, 1997/1998, 1998/1999
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері – 1995/1996
  • Еуропа кубогының жартылай финалына шыққан – 1997/1998
  • А суперлигасының чемпионы – 1996/1997, 1997/1998
  • Б суперлигасының чемпионы – 2008/2009
  • Суперлига чемпионы – 2013/2014
  • Суперлиганың қола жүлдегері – 2012/2013